Жаңаөзен қаласының жұмыс порталы

Жоба туралы ақпарат

Автоматтандырылған ақпараттық жүйе – «KEZEK» жұмыспен қамту және электронды кезек порталы

  • Қысқартылған атау түрлері:ААЖ «KEZEK», E-KEZEK порталы, Kezek Online, ААЖ
Мақсаты

ААЖ «KEZEK» жұмыспен қамту және электронды кезек порталының мақсаты – Жаңаөзен қаласының тұрғындарын жұмысқа орналастыру және есепке алу процестеріне орталықтандырылған тәсілді енгізу арқылы кәсіпорындардағы бос жұмыс орындары бойынша бірыңғай цифрлық кеңістік құру.

Негізгі артықшылықтары:

  • Интеграция: EGOV, Enbek, БЖЗҚ және т.б. сервистер арқылы деректерді тексеру.
  • Мамандарды іздеу және іріктеу: деректерге қолжетімділік, кәсіби сапа бойынша іріктеу.
  • Процестерді синхрондау: кәсіпорындар үшін жұмысшы мамандарды бірдей іздеу алгоритмдері.
  • Коммуникация: азаматтарға ақпарат жеткізу және кері байланыс жүйесі.
Ішкі жүйелер
  1. Азаматтарға арналған интернет ресурсы: сайт, жеке кабинет, кезекке тұру, деректерді тексеру.
  2. Кәсіпорындарға арналған жүйе: кадр есебі, сұхбат ұйымдастыру.
  3. Жұмыспен қамту орталығының жүйесі: бақылау, мониторинг, деректерді басқару.
  4. Азаматтарға мобильдік қосымша

Барлық ішкі жүйелер біртұтас ақпараттық кеңістікке біріктірілген.

Артықшылықтары
  1. Кәсіпорындарға жеке кабинет беріледі. Жұмысқа қабылдау жүйеде жүргізіліп, іріктеу процесстері автоматтанады.
  2. EGOV және басқа сервистермен интеграция автоматты түрде шынайы деректер алуды қамтамасыз етеді.
  3. Жұмысшы мамандарды іріктеу кәсіби, білім, санат, тәжірибе секілді сүзгілер арқылы жүзеге асады.
  4. Жұмысқа орналастыру барысы орталықтандырылған түрде бақыланады және мониторинг жүргізіліп, есептеледі.

Азаматтарға арналған кабинет

Кәсіби шеберлігі мен білімін онлайн режимінде толықтыру мүмкіндігі

24/7 онлайн

Азаматтар үшін кез келген уақытта, кез келген жерде тәулікбойы үздіксіз қолжетімді онлайн платформа.

Кезекті бақылау

Азаматтар өздерінің жүйеге тіркелу тарихы мен электрондық кезегін онлайн режимінде бақылай алады.

Құжаттар жүктеу

Пайдаланушы порталдағы жеке кабинетіне кіріп, өзіне дерек құжаттарын электронды түрде жүктей алады.

Дербес деректер

Азаматтардың жеке деректері «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңына сәйкес қорғалады.

Толығырақ

Қалай қолданамыз?

Жүйені қолдануға қысқаша ақпараттық нұсқаулығы

1

Портал кабинетіне кіру

Кабинетке кіру үшін ЭЦҚ немесе EGov QR-коды арқылы авторизация жасайсыз

2

Жеке деректерді өңдеу

Жеке деректеріңізді тексеріп, қосымша қажет болса, форманы толтырасыз

3

Құжат файлдарын жүктеу

Іріктеуге қажетті өзіңізге дерек анықтамалық ақпараттарды, файлдарды жүктейсіз

Кәсіби даму

Enbek мүмкіндіктерін пайдаланып, кәсіби дағдыларыңызды дамыту мүмкіндігі

Жұмысқа орналасу

Сұхбаттасуға шақыртулар және бос жұмысқа іріктеу

Жаңаөзен қаласының осы жүйеге қосылған кәсіпорындары өздерінде босаған жұмыс орындарына қажет мамандарды осы жүйеге тіркелген азаматтардың арасынан іздеп, іріктеп жұмыс ұсына алады

  • Кәсібі, білімі, мамандығы мен тәжірибесіне сай іздей алады
  • Сұхбаттасулар тағайындап, бос орынға жұмысқа тартады
  • Жүйедегі азаматтардың толтырған анкеталарын қарай алады
  • Қосымша мамандық оқу курстарына шақыра алады

Жұмыс орындарына мамандарды тарту барысында азаматтардың білімі, кәсіби шеберлігі, еңбек тәжірибесі және өзге де жеке мәліметтерінің толық әрі нақты түрде көрсетілуі — сапалы іріктеу мен жұмысқа қабылдаудың негізгі шарты есептеледі. Толыққанды ақпарат жұмыс берушіге үміткердің кәсіби әлеуетін дұрыс бағалауға, ал азаматқа өз мүмкіндігін толық көрсетуге жағдай жасайды.

Нұсқаулық кеңес
іріктеу